Өткен күн – ұмытылмас сұлу сағым
Общество   13.03.2020   349
Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады. Оның салдарынан адамзаттың бастан кешірген қайғы-қасіреті туралы сұм ажалмен тікелей тайталасқан майдангерлердің аузынан «Жеңіс үшін!» деген сөзді, тылда аянбай еңбек еткен көнекөз қариялардан естіп жүреміз, кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Өкінішке орай, соғыстың тірі куәгерлерінің қатары да жылдан-жылға азайып, арамыздан алыстап барады. Сондықтан да бүгінгі бейбіт өмір үшін алапат айқасқа түсіп, жаудың жоспарын жүзеге асырмай, Отанын қаһармандықпен қорғап қалған жауынгерлердің есімін, олардың өшпес ерліктерін жадымызда мәңгілікке сақтауымыз керек. Сол алапат соғысқа 18 жасында кетіп, бастан-аяқ қатысып, өңірін орден-медальдарға толтырып, капитан шенінде оралып, бейбіт еңбекте де қажымас қайратын жұмсап, тер төксе де есімі аталмай кеткен жауынгер, майдангер адамның бірі – Елеусіз Ерғожин еді. Бүгін біз Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай сол абзал азаматқа естелік эссемізді арнауды жөн көрдік.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.